Атырау, 24 қараша 23:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Украинада эпидахуал ушықты

1 756 просмотра

Украинада эпидемиологиялық ахуал ушықты. Жансақтау бөлімдеріне түскен науқастардың саны күн өткен сайын артып барады, деп хабарлайды 24.kz.

Каховка қаласында дәрігерлер қатарынан 42 сағат ауруханада тынымсыз екбек етуде. Осы аптада тәулігіне 838 адам коронавирустан көз жұмып антирекорд орнады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі ауыр халде жатқандардың 96 проценті коронавирусқа қарсы вакцина қабылдамағанын хабарлайды. Жалпы Укринада әлі күнге дейін егілмеген халықтың қарасы қалың. 

Ел президенті Владимир Зеленский украиналықтарды  вакцина салдыруға ынталандыру үшін әр егілген тұрғынға сыйақы ретінде 1 мың гривен төлеуді уәде етті. Бұл шамамен 16 300 теңге. Бұл аймақтағы орташа жалақының 5 проценті. 

Бүгінде Украинада Pfizer-BioNTech, Moderna, AstraZeneca мен Sinovac препараттары қолжетімді. Десе де, 41 млн халықтың тек 21 проценті ғана толық егілген деп есептеледі.

19 қараша 2021, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.