Атырау, 9 қазан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Қытайлық теннисші бұрынғы премьер-министрді айыптағаннан кейін жоғалып кетті

1 506 просмотра
Шуай Пэн. Сурет: ©REUTERS

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) бұрынғы премьер-министрді сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған қытайлық теннисшімен байланыса алмай жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WTA сайтына сілтеме жасап.

Қауымдастық қараша айының басында Қытайдың бұрынғы премьер-министрі Чжан Гаолиді сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған қытайлық теннисші Пэн Шуайды ешкім көрмегенін, ешкіммен хабарласпағанына алаңдаушылық білдірді.

"Пэн Шуай бұрынғы жоғары лауазымды Қытай үкіметі шенеунігінің жыныстық зорлық-зомбылығы туралы жариялап, батылдық көрсетті. WTA және бүкіл әлем оның қауіпсіз екенін растайтын дәлелді қажет етеді. Мен онымен әртүрлі жолмен байланысуға тырыстым, бірақ нәтиже болмады", - деді WTA басшысы Стив Саймон.

Қараша айының басында Пэн Шуай қытайлық Weibo әлеуметтік желісіндегі аккаунтында өзіне 2013-2018 жылдары Қытай премьер-министрі қызметін атқарған саясаткер Чжан Гаоли сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып жазба жариялады.

Пэн Шуай олардың қарым-қатынасы шамамен 10 жылға созылғанын айтты. Жазба жарияланғаннан кейін көп уақыт өтпей жойылды, содан бері спортшының қайда екені белгісіз. Осыдан кейін WTA тергеу жүргізуге шақырды.

Жазба жарияланғаннан кейін 10 күннен астам уақыт бойы Пэн Шуаймен ешкім байланыса алмады.

Кейін Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасы әйелдер теннисі қауымдастығының тергеуге шақыруына жауап ретінде Шуай жазған хатты жариялады.

"WTA сайтында жарияланған соңғы жаңалықтарға мен келіспеймін, олар менің келісімімсіз жарияланды. Сексуалдық зорлық-зомбылық туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Мен жоғалып кеткен жоқпын, қауіпсіз жердемін. Егер WTA мен туралы тағы бір жаңалық жарияласа, менімен келісулерін өтінемін", - делінген хатта.

WTA Пэн Шуаймен болған оқиға тез арада анықталмаса "ол жерден бизнесті алып кетемін" деп қорқытты. Қытай теннис федерациясының өкілдері WTA-ның сауалына жауап ретінде теннисшіде бәрі жақсы екенін айтқанымен, дәлел келтірмеді.

Ал, желі қолданушылары теннисшіні көрсетуді талап еткен жазбалар жариялады. Мәселен, Twitter әлеуметтік желісінде #WhereIsPengShuai ("WherePengShuai") хэштегі қойылған жазбалар тарап жатыр.

Жапондық теннис супержұлдызы Наоми Осака қытайлық теннисшіні табуды талап еткен жазба жариялады. Бірақ оның WTA аккаунты сияқты қытайлық Weibo әлеуметтік желісіндегі аккаунты көп ұзамай бұғатталды. Америкалық кәсіпқой теннисші Серена Уильямс та жазба жариялады.

Пэн Шуай - қытайлық кәсіби теннисші, әйелдер жұптарында екі Үлкен дулыға турнирінің жеңімпазы, WTA жұптық турнирінің жеңімпазы, WTA жұптық турнирінің финалисі, 25 WTA турнирінің жеңімпазы және жұптық рейтингтегі әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы.


19 қараша 2021, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.