Атырау, 9 қазан 04:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырауға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келді

Сурет
1 440 просмотра

19 қараша күні таңертең облыстық фармацевтика қоймасына вакцинаның бірінші және екінші компоненттерінің 32 760 мың дозасы жеткізілді.

- Бүгін Атырау облысында Pfizer вакцинасын егу басталады. Ол бұрын берілген тізім бойынша ерікті негізде ғана жүргізіледі. Вакцинаны алу үшін тіркелген жеріндегі емханаға хабарласу керек, – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Вакциналау пункттерінде 12 жастан асқан жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және лактация кезеңіндегі әйелдерге американдық-германиялық өндірістегі екпелеп салына бастайды.

Естеріңізге салсақ, өңірге 9 қарашада вакцинаны сақтауға арналған екі мұздатқыш камера әкелінді. Атырау облысында Pfizer вакцинациясына қарсы көрсетілімдері жоқ барлығы 76 мың жүкті әйел, лактация кезіндегі әйелдер және 12 мен 18 жас аралығындағы балалар бар.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 қараша 2021, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.