Атырау, 23 желтоқсан 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында бір тәулікте 25 адам Covid-19 жұқтырған

1 719 рет қаралды

Атырау облысында коронавирус инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 14 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 5 науқас анықталды, Индер ауданында  - 3, Құрманғазы ауданында – 1, Махамбет ауданында 2 науқас анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 23 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 2 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 24 адам емделді.

Қазір 129 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 85, аудандық инфекциялық стационарларда – 35, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 32 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.

19 қараша 2021, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.