
Атырауда жеке тұрғын үйден гауһар тасты және алтын бұйымдар ұрлаған 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 9 қарашада қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық жасалғаны туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, күндіз үйіне терезе арқылы біреу кіріп, гауһар тастармен көмкерілген алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 580 мың теңгені құрады.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол олжасын Атыраудағы ломбардтардың біріне тапсырған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-тармағы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айнұр САПАРОВА
ПД ұсынған сурет