Атырау, 9 қазан 04:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

«Жарылыстар гүрсілдеп, оқтар атылды»: 9 жыл бұрын Құлсарыда лаңкестерді қалай басып алған еді

Сурет
1 703 просмотра

2012 жылы Жылыой ауданы Құлсары қаласында алты лаңкесті залалсыздандыру бойынша арнайы операция жүргізілді. Жақында ҚР ҰҚК сол 9 жылдық оқиғаның кейбір мәліметтерін жариялады. Айта кетейік, бұл кезде оқиға орнында «АЖ» тілшісі Ләззат Қаражанова жұмыс істеген еді.

2012 жылдың қыркүйегінде ҰҚК Құлсары қаласындағы 5 қабатты үйлердің біріне лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған жанкештілердің қоныстанғаны туралы ақпарат алған. Елордадан Атырауға арнайы жасақтың элиталық тобы ұшып келді.

– Түн ортасында ұшақ Атырауға бет алды. Бортта жауынгерлерге демалуды бұйырдық, бірақ ұйықтағандар аз болды. Командирлер операция жүргізу нұсқамаларын талқылады. Террористерді бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерде құрықтайтынымызды анық білдік. 12 қыркүйек күні таңда Құлсары қаласына «А» қызметінің 33 қызметкері келді. Жедел кеңескеннен кейін топ төңіректегі тұрғындарды эвакуациялауға кірісті, – деп әңгімелейді арнайы операцияға қатысушы.

Газ кетіп жатыр деген желеумен көрші үйлерден адамдарды шығарған. Шошынған тұрғындар сарбаздар түзеген «тірі қабырға» арқылы олардың брондалған қалқандарымен және жарықшаққа қарсы жамылғыларын бүркеніп өткен.

- Таңертеңгі сағат 9. Келіссөз жасаушылар жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысуда, бірақ оған жауап ретінде пәтерден «Аллаһ Әкбар!» деп шыңғырған айғай ғана естіледі. Лаңкестер уақыт созып жатты. Біз терезелер мен балкон арқылы шабуыл бастаған болып көріндік. Бұл жерде «Данс» (16 келі кір тасы) және «Балдырған» (күрес манекені) кәдемізге жарады. Жоғарыдағы балконнан құралдарды ептілікпен қолданған сарбаздар терезе әйнектерін сындырды. Рация арқылы жасалған шулы келіссөздер лаңкестерді шабуылдың басталғанына сендірді. Қарақшылар сеніп қалды. Бірінші фанат балконға жүгіріп шығып, шабуыл жасаған топты жарып жібереміз деп үміттеніп, жанкештінің белбеуін іске қосты. Пәтерде жарылыс болды, - деп еске алады арнайы жасақ сарбазы. – «Аллаһ Әкбар!» деп айғайлап, екіншісі балконға жүгіріп шықты. Ешкімді таппаған жанкешті төменде тұрған арнайы жасақ сарбаздарының үстіне секіруге дайындалды. Белінде пілте жанып жатты. Бірақ оны көрші үйдің төбесінде жатқан снайпер атып түсірді.

Террористтің денесі балкон қоршауына салбырап ілініп қалды. Гүрс етіп жарылды. Осыдан кейін балконда ілініп тұрған лаңкес түскен кадрлар бүкіл БАҚ-ты шарлап кетті. Терезе ойықтары снайпердердің нысанасына алынған түсінген оның сыбайластары пәтердің әр бөлмесіне қорғаныс позициясын ұстануға көшеді.

– Содан соң олар баспалдақ алаңына шығуға әрекеттене бастады. Олар бірінен соң бірі пәтерден жүгіріп шығып, денелеріне бекітілген, шеге мен бұрандаларға толы жарылғыш құрылғыларды іске қосып, біздің сарбаздарға қарай ұмтылды. Бүкіл подъезд қанға боялды. Терезелер мен есіктер ұшып кетті. Айнала құлақ тұндырардай гүрсілмен жарылды.

Осы уақытта жарылыс толқыны келіссөзге қатысушыларды есеңгіретіп, оларды қауіпсіз аймаққа әкетті. Ал арнайы жасақ  сарбазы бірі қолынан жарақат алды.

- Пәтерде тағы қылмыскерлер қалды. Ішке кіргенде екі лаңкестің мәйітін көрдік, біреуінде тіршілік нышаны бар екен. Бөлмелерде жарылғыш заттардың компоненттері мен пайдалануға дайын СВУ шашылып жатыр. Жаралы лаңкес ауруханаға жеткізілді, кейін сотталып, қазір жазасын өтеп жатыр, - деп арнайы операцияға қатысушы сөзін түйіндеді.

Сот тірі қалған 20 жастағы Алдияр Сапаровты 15 жылға, онымен бірге лаңкестік топтың тағы 15 мүшесін 12 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Дайындаған Фархат АБИЛОВ

18 қараша 2021, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.