Атырау, 9 қазан 05:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Субұрқақ қайда жүзіп барады?

Бейнежазба
1 709 просмотра

17 қарашада әлеуметтік желіде Жайықта облыс әкімдігі ғимаратына қарама-қарсы орналасқан қалқымалы субұрқақты жүзбелі құралдың көмегімен арғы бетке алып бара жатқан видео пайда болды.

Былтыр қысқы уақытта оның шығарылғаны есімде жоқ, сондықтан түсініктеме алу үшін қала әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласқан едік. Су коммуникацияларын төмен температура мен қолайсыз ауа-райынан қорғау үшін субұрқақты суық мезгілде тұмшалау керектігін айтып, жауап берді.

– Бұл субұрқақ өзіндік қызмет көрсету бағдарламасы бар күрделі құрылым. Сондықтан жабдықты қысқы кезеңге тұмшалау қажет. Былтыр күзде де осы процедураны жүргіздік. Көктемде субұрқақ қайтадан орнына әкелініп, орнатылады, - деп сендірді баспасөз қызметі.

Қайда апарады және қандай түрде сақталады – бөлшектеле ме, әлде құрастырылған күйде ме - деген сауалдарға, сондай-ақ, субұрқақтың құрылысына қанша жұмсалды және оның мезгіл-мезгіл ажыратылу себебі неде (жазда көбінесе жұмыс істемей тұратыны есімде) деген ақпаратқа да кейінірек жауап беруге уәде берді.

Еске салсақ, субұрқақты жоспарлау кезеңінде мамандарда кеме қатынасының қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар болған еді.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

18 қараша 2021, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.