Атырау, 9 қазан 04:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Шаруаларға субсидия берілетін болды

2 806 просмотра

Атырау облысы шаруагерлерінің өңір басшысымен бірге кездесуден кейін субсидиялау ірі қара малдың аналық бастары үшін 25 басқа, қой малы үшін 200 басқа дейін түсірілді. 

Жақында Атырау облысының шаруагерлері облыс әкімдігінін алдына субсидия мәселесін көтеріп жиналды. Олардың айтуынша, мемлекет қаражатының басым бөлігі асыл тұқым өсіріп отырған шаруашылықтарға бөлініп, оларға ештеңе қалмайды-мыс. Осыған байланысты біз билікке ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге көрсетілетін мемлекеттік қолдауға қатысты сауалдар жолдаған едік. «АЖ» сауалдарына Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді САЛАМАТ жауап берді.

- Биыл неше шаруашылыққа жалпы көлемі қанша субсидия берілді?

- 2021 жылдың 9 айында мал шаруашылығын субсидиялау бағыттары бойынша 476 шаруашылыққа 605 млн 6 мың 990 теңге субсидия төленді.

- Кейбір шаруаларға былтыр субсидия не үшін берілмеген?

- 2020 жылы ірі сабақты мал азығына берілетін субсидиядан ала алмай қалғандар болды. Оларға Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығындағы талаптарға құжаттары толық сәйкес келмегендіктен төленбеді. Кейбіреуі құжат тапсыратын уақытынан кешігіп қалған. Биыл өтінім берген шаруашылықтардың бәріне тиесі субсидия төленді.

- Шаруалар биыл субсидияның көбі асыл тұқымды сиырларға беріліп,  әр сиырға 120 мың теңге бөлінгенін айтты. Соның салдарынан көптеген шаруашылықтарға қаражат жетпей қалды дейді. Бұл қаншалықты рас?

- Атырау облысында асыл тұқымды сиыр өсіріп, облысты сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған жалғыз «Первомайский БК» ЖШС. Бұл шаруашылықтың 700 бас сауын сиырлары бар. АШ министрлігінің бұйрығына сәйкес осындағы әр аналық басқа 120 000 теңге субсидия төленеді. Өйткені бұл сиырлар жыл бойына (365 күн) байлауда тұрып, сауылады. Жем-шөп, су, газ бен электр жарығы және одан өзге де жемдік қоспаларға кететін шығыны көп болғандықтан нормативке сәйкес барлығына 84 000 000 теңге төленеді.

Шаруагерлердің биыл субсидия жетпей қалды деп отырғаны ол мал азығын дайындауға кеткен шығындарды өтеуге арналған субсидия. Бұл биыл әлі төленген жоқ. Оған қаулы дайындалуда, әділет басқармасына тіркеліп, күшіне енгеннен кейін желтоқсан айына дейін төленетін болады.  

- Облыс әкімімен өткен кездесуден кейін қанша шаруашылық субсидия алатын болды?

- Облыс әкімімен өткен кездесуден кейін субсидиялау ірі қара малдың аналық бастары үшін 25 басқа, қой малы үшін 200 басқа дейін түсіріліп, ереже талаптарға өзгеріс жасалды.

Жергілікті бюджеттен бөлінген 700 млн теңге қаражатқа былтыр 298 шаруашылық қатысса, биыл 400 ге тарта шаруашылық қатысады деп жоспарлануда. Биыл жетпеген қаражат көзі АШ министрлігінің бұйрығына сәйкей резервке қойылады. Келесі жылы қаржы бөлінген кезде шаруашылықтардың өтінім берген уақыттарына сәйкес кезегімен төленетін болады. 

- Субсидия шаруашылықтарға қандай талап бойынша беріледі?

- Субсидия АШ министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №207 бұйрығындағы өзгерістердің ереже талаптары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату үшін төленеді. Субсидия алуға өтінім беру үшін аналық малға азық дайындауға жұмсалған шығынды растайтын құжат, (шығындар сомасы көрсетілуі тиіс) егер жем-шөпті басқа шаруашылықтан сатып алған болса сатушының БИН-і, шарт жасалған уақыты, мал азығының көлемі - қанша тонна екендігі міндетті түрде құжатта болуы тиіс.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

19 қараша 2021, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.