Атырау, 9 қазан 12:25
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +15
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Цой Исатай ауданындағы өзгерістерге куә болды

1 973 просмотра

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. 

Атап айтқанда, 24 мың жергілікті халыққа қызмет көрсетіп отырған Исатай аудандық ауруханасында болып, мамандармен тілдесті, емдеу бөлмелері мен медициналық құрылғылармен танысып шықты. Қазір аудан халқының 60 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алған, тәулігіне 30-40 адам вакцина қабылдайды. 

"Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасы аясында Алексей Цой Тұщықұдық ауылында болды. Онда "Игілік" бағдарламасымен бірнеше нысанның, оның ішінде Ж. Мырзағалиев атындағы мектепке жапсарлас салынып жатқан 350 орындық қосымша ғимараттың құрылысы жалғасуда. Жапсаржайда асхана, акт, оқу және спорт залдары, киіну бөлмесі және оқушыларға арналған сыныптар орналасатын болады. Жобаға сәйкес, барлық сыныптар жиһазбен және ұйымдастыру техникасымен жабдықталады. Мұнда кітап сақтау орны болады. 

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 қазан 2021, 20:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.