Атырау, 20 сәуір 13:53
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Интернет алаяқтарының құрбанына айналмаңыз

1 135 просмотра

Атырауда интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыс саны артты. Жыл басынан бері қалалық полиция басқармасы бұл салада 550-ге жуық қылмыстық іс тіркеген. «Электрондық алаяқтардан» қалай қорғауға болады? Осы орайда ҚПБ басшысының орынбасары Айбек ТІЛЕШЕВТІҢ бірнеше кеңесі берілген.

– Интернетте тауар сату немесе арзан бағаға қызмет көрсету туралы хабарландырулар жиі жарияланады. Бұл, мысалы, сатушы алдын ала 50% төлем сұраса, алаңдататын нәрсе. Ақшаны аударғаннан кейін сатып алушыға тауардың басқа елде екенін, жеткізуде проблемалар туындағанын хабарлайды. Содан соң телефонын мүлдем ажыратып тастайды. Бұл ретте алаяқтардың қолында жәбірленушінің реквизиттері, ЖСН-і, банк картасының нөмірі қалады да оның атына несие алады.

Бүгінгі күні кең таралған схема. Қылмыскерлер қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырады. Сіздің картаңызда күмәнді операция жасалғанын және оны бұғаттау үшін жеке деректеріңізді атау керектігін айтады. Содан кейін интернет-банкинг арқылы ақша шоттан алынады. Сондықтан жеке деректеріңізді ешкімге бермеу керек және күмәнді, тексерілмеген ақпаратқа сенбеу керек. Құпия сөздеріңіз бен пин-кодтарды әлсін-әлі өзгертіп тұрған жөн.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

28 қазан 2021, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.