Қазіргі уақытта букмекерлерде нигериялық кардинал Фрэнсис Аринзе мен тағы бір афроамерикандық Гана тумасы Питер Терксон, сондай-ақ канадалық куриалды кардинал Марк Уэлле көш бастап тұр.
Атап айтқанда, "Уильям Хилл" британдық букмекерлік кеңсесі Папа тағына негізгі үміткер ретінде Аринзені атауда. Оған қатысты бәс тігу 2/1 қатынасымен қабылдануда. Оны өкшелеп Терксон келеді (5/2).
Бұл ретте, "Пэдди Пауэр" ирландиялық букмекерлік кеңсесі М.Уэлле жеңіске жететініне сенімді. Оған ұтыс 5/2 көлемінде тігілуде. Одан кейінгі орындарда Аринзе (3/1) мен Терксон (4/1) тұр.
2005 жылы өткен Рим Папасын сайлайтын кардиналдар кеңесінде букмекерлер дүниеден озған Иоанн Павел ІІ-нің ізбасары ретінде Аринзені атаған болатын.
Бұған дейін белгілі болғандай, дүйсенбі күні Рим Папасы 28 ақпан күні тақтан кететіндігін мәлімдеді. Бенедикт XVI бұл шешімін католиктік шіркеуді тиімді басқаруға күші жетпейтіндігімен түсіндірді. Бенедикт XVI-тің бұл шешімі оның жақын деген жақтастары үшін де күтпеген жағдай болды.
Жаңа Рим Папасы наурыз айының соңында сайланады деп күтілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат