Атырау, 9 қазан 18:23
 бұлттыВ Атырау +11
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

​Перзентхана дәрігерлері екінші рет ақталды («нәрестенің өлімі туралы іспен» шатастырмау керек)

2 225 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Атырау облыстық соты ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағымен («Медицина жұмыскерiнiң адам өліміне әкелген кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») айыпталған облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері мен №2 емхана дәрігеріне ақтау үкімін шығарды.

Оқиға былай болған. 2017 жылдың шілдесінде Анаргүл МАЙЛЫБАЕВА облыстық перзентхананың патология бөліміне түседі. Кейін әпкесіне перзентханада өзін ешкім қарамағанын айтып шағымданады. Келесі күні егіз сәби босанған, бірақ өзі босану кезінде қайтыс болады. Осылайша бес бала анасыз қалады. Перзентхана дәрігерлері туыстарына әйелдің тромбоэмболиядан (қан тамырының тромбпен бітеліп қалуы) қайтыс болғанын хабарлайды. Бірақ денені эксгумациялау бактериялық шок болғанын көрсетті. Туыстары астаналық сарапшылардың қорытындысына сүйене отырып, оның дәрігерлердің кінәсінен қайтыс болғанына сенімді. Өйткені операция кезінде оған инфекция жұққан.

Анаргүл Майлыбаеваның ісі бойынша сот бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. №2 қалалық соты мен облыстық сот дәрігерлер Н.Орынбасарова, А.Жанаев, А.Кенжеғалиев және А.Құлниязовты ақтап шықты. Екі рет Жоғарғы Сот бұл үкімдердің күшін жойып, істі жаңа сот талқылауына қайтарды. 

- Іс бойынша 7 сот-медициналық сараптама жүргізілді. Бір қорытындыдан басқа қорытындылар А.Майлыбаеваның өлімінің сепсистен болғанын анықтамады. Соңғы комиссиялық сараптама қорытындысына сүйенсек, А.Майлыбаеваның өліміне әкелген «өкпе тромбоэмболиясы» диагнозы дұрыс қойылған, қолданыстағы клиникалық хаттамаға сәйкес, реанимациялық шаралар дұрыс жүргізілген, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Алайда жәбірленуші тарап бұл үкіммен келіспейді және Жоғарғы сотқа үшінші рет шағымданбақшы.

- Соңына дейін барамыз, дәрігерлер жазаларын алуы тиіс. Сіңлім солардың кінәсінен қайтыс болды, - дейді марқұмның әпкесі Өміргүл МАЙЛЫБАЕВА.

Фархат АБИЛОВ

15 қазан 2021, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.