Атырау, 25 қараша 01:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Татарстанда парашютшілер отырған L-410 ұшағы апатқа ұшырады

940 просмотра

Татарстанда L-410 ұшағы апат жағдайында шұғыл қонды. Оның бортында парашютшілер болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ТЖМ өңірлік басқармасы бұл ақпаратты растады.

Бортта 23 адам отырған, олардың көбі парашютшілер болған.  Құтқарушылар ұшақтан зардап шеккен жеті адамды шығарды. Біреуінің жағдайы ауыр. Алдын ала деректер бойынша, 16 адам қаза тапқан.

БАҚ мәліметінше, төтенше жағдай техниканың істен шығуы салдарынан болған.

L410 - аймақтық желілерге арналған екі қозғалтқышы бар ұшақ. Машинаны 1960 жылдардың соңында чехословакиялық Let компаниясы жасаған. Ұшақ коммерциялық мақсатта 1973 жылдан бастап пайдаланылып келеді.

Қыркүйекте дәл осындай ұшақ Иркутск облысына апат жағдайында қонды. Бортта 16 адам болды, олардың төртеуі қаза тауып, 12 адам жарақат алды.

11 қазан 2021, 08:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.