Атырау, 23 желтоқсан 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында Covid-19 жұқтырғандар саны азайып келеді: соңғы тәулікте 55 адам тіркелген

1 595 рет қаралды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 55 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 27 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 12 науқас тікерлді.

Инфекция аудандарда да таралуда: Жылыой ауданында - 5, Исатай ауданында - 1, Қызылқоға ауданында - 7 науқас анықталса, Мақат ауданында - 2 адам тіркелді. 

Коронавирус инфекциясы бар 36 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 19 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 27 адам емделді.

Қазір 817 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 108, екінші облыстық ауруханада – 67 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 5, аудандық инфекциялық стационарларда - 51. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 82 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта тұр.

29 қыркүйек 2021, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.