Атырау, 13 қазан 21:23
 дождьВ Атырау +22.1
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

​Мас күйде бөтеннің көлігін айдап кеткен атыраулық ұсталды

2 264 рет қаралды

Polisia.kz хабарлауынша, 25 қыркүйек күні сағат 03:30 шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан “Магнит” сауда орталығының тұсында патрульдік полиция кызметкерлері күдік тудырған Daewoo Nexia маркалы көлік кұралын тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде жүргізушісінің орта дәрежелі мас екендігін анықтаған. 

Сондай-ақ Daewoo Nexia көлігін бір сағат бұрын Вокзал маңы мөлтек ауданынан ұрлап жүргізіп кеткендігі белгілі болды. Жинақталған іс-құжаттар анықтау жүргізу үшін №2 қалалық полиция бөлімінің Тергеу бөлімшесіне тапсырылды.

28 қыркүйек 2021, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.