Әлеуметтік желіде ҚР туына ұқсайтын үлкен материяның әлдебір нәрсеге жамылғы ретінде қолданылғаны туралы бейнежазба пайда болды. Бейнеролик авторы «мемлекеттік рәміз не болып кеткен?» деп наразы болады.
Ал бұл Мақат ауданы әкімдігінің жауабы: «Бейнероликтегі түсірілім Мақат кенті әкімдігінің ауласында жазылған. Бұл видео авторы жариялағандай, мемлекеттік ту емес, билборд болатын. Қатты желдің әсерінен жыртылып, жұлынып қалған билбордты әкімдік ауласына әкеп қойған болатын. Қателеспеулеріңізді сұраймын. Мемлекеттік қызметте ҚР Мемлекеттік рәміздеріне аса мән беріліп, олардың теріс пайдалануына жол берілмейді».
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әлеуметтік желіден алынған бейнежазбалар