Атырау, 10 қазан 02:26
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Оқиғалар тізбегі

1 433 просмотра

Сот шешімімен Ресей Федерациясының 33 жастағы азаматы психотроптық заттарды заңсыз тасымалдағаны үшін ҚР аумағынан шығарылды. Бұған дейін Интернетте Атыраудың екі тұрғыны Привокзальныйда одан таблеткаларды алып, таптап жатқаны бейнеленген видео пайда болған еді.

* * * * *

«STOP трафигі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау қонақүйлерінің бірінің саунасында интимдік қызмет көрсеткен үш қыз ұсталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «STOP трафигі» Атырауда 19-24 қыркүйек аралығында өтті. Осы уақыт ішінде полицейлер сауна мен жалға алынған пәтерлерге жүргізілген рейд кезінде 10-нан астам жезөкшені анықтап, оларды есепке алды.

*** * *

Жылыой ауданында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы кезінде түнде көшеде жүрген кәмелетке толмаған 54 жасөспірім аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Оның екеуіне 434-бап («Ұсақ бұзақылық») бойынша, тағы екеуіне 435-бап («Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Бұдан басқа, Жылыой ауданының ювеналды полициясы мектепке бармаған 2 жасөспірімді анықтады. Қолайсыз отбасы ретінде есепте тұрған 11 отбасы тексерілді.

*** * *

«Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауданның шалғайдағы елді мекендері мен қыстақтарын тексерді. Нәтижесінде ҚР 12 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492 -бабына («Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру») сәйкес хаттамалар толтырылды.

* * * * *

Екі аптадан астам уақыт бұрын Атырауда 34 жастағы жергілікті тұрғын Е.А. жоғалып кетті. Атырау облысы ТЖД мәліметінше, ол 2 қыркүйекте үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздеу жұмысына құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Жақында ғана ПД полиция қызметкерлері жоғалған адамды Исатай ауданының Аққыстау ауылынан аман-есен тауып алғанын хабарлады. Кейбір мәліметтер бойынша, ер адам бұл күндері ішімдікті көп ішкен.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА мен Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

28 қыркүйек 2021, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.