Атырау, 26 сәуір 19:24
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Әкім аудандарды шатастырды

Сурет Бейнежазба
2 719 просмотра

Әлеуметтік желіде  Жылыой ауданында батпақты жерлерде малдың қырылып жатқаны жөнінде жазба тарады. Ал аудан әкімі Халел ЖАМАЛОВ бұл Қызылқоға ауданындағы жағдай екенін айтады. Бірақ ол қателесіп отыр немесе білмегенсіп отыр.

Жылыой ауданы Тұрғызба ауылының тұрғындары «АЖ»-ға өлі сиырлар мен әлі де тірі, батпаққа батып, көмек күтіп тұрған сиырлардың бірнеше суреті мен видеосын жолдады:

- «Біздің ауданда емес» деп қалай айтып отыр? Кімнің малы екені сырғасынан көрініп тұрған жоқ па? Маңғыстаудағы жағдай бізде де болып жатыр. Биыл су аз келіп, Жем өзенінің кейбір сағалары құрғап қалды. Жемдегі судың беткі қабатындағы 50 см су болса, ал метрге жуығы ұйма балшық. Суатқа келген мал сол ұймадан шыға алмай өліп жатыр. Оның үстіне жаңбыр жоқтықтан жайылыс қалмады. Алда қыс, қазірдің өзінде мал арық, сүйек-сүйегіне ілініп жүр, - дейді ауыл шаруалары.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

Жылыой ауданындағы шаруалар жолдаған суреттер мен бейнежазба

28 қыркүйек 2021, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.