Пермь аймағындағы Пермь-Екатеринбург тас жолында жаяу жүргіншілер өткелі құлады, деп хабарлайды «Хабар 24» life.ru басылымына сілтеме жасап.
Қаза тапқандар бар, алайда нақты саны белгісіз. Оқиға Мәскеу уақытымен түнгі екі жарым шамасында болған.
Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін өрт сөндіру бөлімшелері тартылған. Айналма жол Платошино ауылы мен Кукуштан ауылы арқылы ұйымдастырылған.