Атырау, 10 қазан 02:24
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Атырау облысында бір тәулікте 36 адам Covid-19 жұқтырған

1 275 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 36 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 36 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Исатай ауданында - 2, Қызылқоға ауданында - 3 науқас анықталды, Құрманғазы ауданында - 12 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 22 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 14 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 121 адам емделді.

Қазір 786 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 112, екінші облыстық ауруханада – 66 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 5, аудандық инфекциялық стационарларда - 59. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 75 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.

28 қыркүйек 2021, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.