Атырау, 25 қараша 01:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Қытай оқушыларының киіміне чип орнатыла бастады

1 478 просмотра

Қытайда енді мектеп оқушыларының қайда жүргенін ата-аналары үйінде біліп отыратын болады, деп хабарлайды zakon.kz Комсомольская правдаға сілтеме жасап.

Жухай бастауыш мектебінде оқушылардың формасына арнайы микрочиптер орнатылды. Енді ата-аналар баласының барлық қозғалысын бақылап, қайда жүргенін білетін болады. Егер студент қауіпті жағдайға тап болса, микрочип ата-ананың немесе мұғалімдердің ұялы телефонына дабыл белгісін жібереді.

Барлық ата-аналар бұл жаңашылдыққа аса қызығушылық танытпады. Көптеген адамдар чиптерді қылмыскерлердің аяғына салынған электронды білезіктермен салыстырып, одан қауіптенген. Бірақ мектеп үлкендердің бұл қорқынышы заңды деп санайды.

Қытайда балалар көбінесе мектептен қашып, компьютерлік клубтарға бас сұғады, сол арада сағаттап отыра беруге бейім. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық мақсатында бала ұрлау оқиғалары да болып тұрады. Жаңашылдық осы қауіп-қатерлердің алдын алу үшін енгізілген.

27 қыркүйек 2021, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.