Атырау, 10 қазан 02:26
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Алаңдар әлі тапсырылған жоқ, бірақ пайдалануға жарамсыз

Сурет Бейнежазба
1 562 просмотра

Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, 2019 жылы қаланың бес нүктесінде: Балықшыдағы №26, 26а, 27, 29 үйлер; Махамбет көшесі №128, 128а, 128б; Азаттық көшесі №71, Молдағалиев 5, 7; Авангард-3 мөлтек ауданы №31, 32 үйлер; Нұрсая ықшамауданындағы №80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89 тұрғын үйлердің аулаішілік аумақтарын жөндеп, балалардың ойын алаңын салуға 606 млн 621 мың теңге қаржы бөлінген.

Бұл аумақтарда 2019-2020 жылдары футбол және балалар ойын алаңдары жарақталып, аулаішілік жолдар жөнделіп, көшеттер отырғызылды. Бірақ Нұрсая мен Балықшыны абаттандыру бойынша тапсырыс берушінің мердігер мекеме «Бек и Ко» ЖШС-не талаптары болып, нысандарды тапсыру жыл соңына қалдырылған.

Ал тұрғындардың айтуынша, қазір Нұрсая ықшамауданындағы әлі тапсырылмаған нысандардың күйі нашар. Аяқ доп алаңдарының қоршауы қирап, жасанды газон бүлінген, кейбір бөліктері ұрланған.

Осыған байланысты қалалық ТКШ бөліміндегілер «бұзылған және вандализмге ұшыраған жерлерді мердігер мекеме қайтадан жөндеп тапсырған соң қабылдайтын боламыз. Келісімшарт бойынша жоба тапсырылғаннан кейін де мердігер мекеме тағы екі жыл техникалық қызмет көрсетеді» деп жауап берді.

Нұрсаядағы бұдан өзге қолданыстағы ойын алаңдарына қатысты жағдай да мәз емес. №61, 62 және 113 үйдің тұрғындары мына суреттерді жолдады. Қалалық ТКШ мұндай жағдайда қалалық әкімдікке хат жолдау керектігін, содан кейін қаражаттың бөлінуіне байланысты қайта жөндеу жүргізілетінін хабарлады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Автор түсірген және тұрғындар жолдаған суреттер

28 қыркүйек 2021, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.