Атырау, 10 қазан 02:22
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

«Қызыңыз дыбыс шығарып, жолаушылардың мазасын алады​»

1 591 просмотра

Осылай деген Fly Arystan әуе компаниясының бортсеріктері Гүлжан Хусайынова мен целебралды паралич (ДЦП) дертімен ауыратын 15 жастағы қызын «Атырау-Шымкент» рейсіндегі ұшақ салонының артқы жағына отырғызып қойған. Жоғары бағамен алдыңғы орынға билет сатып алса да, тағы да өзге үш науқас баланы ұшақтың ең соңғы орындарына жайғастырған.

Атыраулық Гүлжан Хусайынова қызы Айкөркемді Ташкентте емдету үшін Шымкент арқылы ұшпақ болады. Әдейі алдыңғы орында отыру үшін, қосымша ақша төлеп, қымбат билет те сатып алады. Алайда оны әуежайда ыңғайсыз «тосынсый» күтіп тұрған еді.

- Салонда бортсеріктер бізді ұшақтың ең артына отырғызды. Бортсеріктің айтуынша, қызым дыбыс шығарып, жолаушылардың мазасын алады екен. Алғаш рет осындай жағдаймен кездесіп отырмыз. Бұл сұмдық қой! - дейді Гүлжан Хусайынова Шымкентке қонғаннан кейін ұшақта түсірілген бейнежазбада. Жазба соңында көз жасын әрең ұстап отыр. - Олар менің аналық сезімімді қорлап отыр. Қызым тыныш ұшты, ешқандай маза алу болмады. Ешкімге кедергі жасаған жоқ. Орынымызды ауыстырып тастап, осындай сылтау айтып отыр. Қызымнан қандай қауіп көріп отыр? Қызымның диагнозымен 15 жыл бойына күресіп келе жатырмын. Осындай келеңсіз жағдайлар қоғамның науқас балаларға деген көзқарасын айқын көрсетеді.

«АЖ» тілшісі пікір алу үшін Fly Arystan әуе компаниясының баспасөз қызметіне хабарласып еді, олар ресми хат сұрады.

Фархат АБИЛОВ

28 қыркүйек 2021, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.