Атырау, 21 желтоқсан 21:55
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

KIOGE-2021: ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖАҢА ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

PR
5 565 просмотра


Мұнай және газ индустриясының ірі салалық оқиғасы KIOGE-2021 алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында 5-7 қазан аралығында «EXPO» ХКО-да, 4-8 қазанда KAZENERGY Еуразиялық форумын қатар өтеді. Дәстүрлі түрде «Мұнай және Газ» көрмесіне Қазақстан мен жақын шет елдердің ірі компаниялары, халықаралық салалық сарапшылар мен мемлекеттік аппарат өкілдері қатысады.

KIOGE көрмесі өз тарихында Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің бетке ұстар белгісіне айналды. Жыл сайын шамамен 300 қатысушы компания және әлемнің жиырмадан астам елінен 4 000-нан астам бейіндік келуші көрмеге келу көрсеткіштері осыны айғақтайды.

 Қазақстан үшін мұнай өнеркәсібі бұрынғысынша стратегиялық маңызды сала болып қалуда, ал мұнай және газ индустриясы үшін пандемиядан кейінгі кезеңнің турбуленттік уақытын ескере отырып, KIOGE қатысушыларының алдында мұнай-газ саласын одан әрі дамыту векторларын айқындау бойынша көптеген өзекті мәселелер тұр. Энергетика министрлігінің 2021-2025 жылдарға арналған жоспарларын назарға ала отырып, мұнай-газ саласы жақын арада мұнай өндіру және өңдеу бойынша тартымды көрсеткіштерге оралуы тиіс, мұны сапалы уақтылы трансформацияларды, инновациялық цифрлық шешімдерді енгізбестен, жергілікті қамту сапасын жақсартпай және «жасыл экономика» стратегиясын дамытпай жасау мүмкін емес. Осы мәселелердің барлығы көрменің іскерлік бағдарлама аясында қозғалады.

KIOGE экспозициясы жетекші өндіруші, мұнай-газ және мұнай сервистік компаниялардың мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарына арналған жаңа технологиялық, инжинирингтік және бағдарламалық әзірлемелерін ұсынады. Бүгінгі таңда әлемнің 9 елінен 100-ден астам компания қатысатынын растады. Қатсушы елдер: Австрия, Бахрейн, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Нидерланды, Ресей, Хорватия.

Көрме ескіше  Қазақстан  Республикасымен ынтымақтастық жасауға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және жаңа нарықтарды игеруге ниет білдірген халықаралық бизнес - қызығушылықтың тиімді катализаторы болып табылады. Бұны экспозицияға жыл сайын Германияның ұлттық стендінің, 2021 жылы Беларусь ұжымдық стенді мен Ресейдің 6 аймағы: Башқұртстан, Мордовия, Волгоград облысы, Пенза облысы, Самара және Челябі облыстарының мұнай-газ компанияларының қатысуы растайды.

Сонымен қатар, көрме аясында нарық қатысушылар арасында іскерлік кездесулер, тұсаукесерлер және келіссөздер өтеді. Іскерлік бағдарламаның мазмұнына «Теңізшевройл», NCOC, «Сайман Корпорациясы» компанияларының семинарлары кіреді. 5ші қазанда «ГМС Нефтемаш» компаниясының өкілдері өз сөзінде мұнай өндірудің штангсыз тәсілі және газ поршеньді жетегі бар динамикалық жабдық туралы айтып береді. Ал «Klinkmann Kazakhstan» ЖШС спикерлері ADNOC мысалында өндірісті басқарудың бірыңғай орталығын іске асыру бойынша практикалық кейспен бөліседі.

KIOGE дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «КАЗЭНЕРДЖИ» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағы, Мұнайшы - Геологтардың Қазақстандық Қоғамы (МГҚҚ), PETROCOUNCIL стратегиялық әріптестік Кеңесінің ресми қолдауымен өтеді.

KIOGE 2021 бас серіктес – «Теңізшевройл» ЖШС. Алтын Серіктес – Каспий Құбыр Консорциумы, Күміс Серіктес – ГМС Групп, NOVOMET компаниясы көрменің Қола Серіктесі болып табылады.

Ұйымдастырушы - Қазақстандық Iteca көрме компаниясыю

Көрмеге билетті тек төмендегі сілтеме бойынша келудің ыңғайлы уақытын таңдау мүмкіндігімен алдын ала онлайн тіркеу арқылы алуға болады: https://cutt.ly/XEerNmG

 

27 қыркүйек 2021, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған