Атырау, 25 сәуір 16:23
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау шаңды дауыл құшағында

Сурет Бейнежазба
2 015 просмотра

Бүгін, 24 қыркүйекте Атырауды шаңды дауыл басып қалды. Көру мүмкіндігі азайды - көшеде қала тұрғындары мен көліктер аз.

Төтенше жағдайлар департаменті Атырау тұрғындарынан ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болуды сұрайды:

- көліктерді қою кезінде ағаштардан, жарнама қалқандарынан, бос бекітілген құрылымдардан алыс жерлерді таңдау қажет;

- көшеде жүргенде солқылдап тұрған ғимараттарды, кәрі ағаштарды айналып өткен жөн;

- электр сымдарының астында тұрмаған және желмен үзілген сымдарға жақындауға болмайды;

- орынжайларда терезелер мен желкөздерді мықтап жапқан жөн;

Атырау облысының басқа аудандарында шаңды дауыл соғып тұр. Жүргізушілерге мүмкіндігінше елді мекендерден тыс қара жолдармен жүруден бас тартқан жөн. Дегенмен, трассалардың ашық екенін атап өткен жөн.

- Бүгін жол-көлік оқиғасы болған жоқ, бірақ біз жүргізушілерге жолға шықпауға кеңес береміз, - деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін синоптиктер бұл күндері Атырау облысында шаңды дауыл болуы ықтимал екенін ескерткен болатын.

Фархат АБИЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

24 қыркүйек 2021, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.