Атырау, 24 қазан 20:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 426.32
€ 496.24
₽ 6.04

Атырауда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар көбеюде

1 374 просмотра

Өңірде кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың саны да артып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте облыстық ПД ювеналды полиция тобының аға инспекторы Орынгүл КӨШҚАЛИЕВА хабарлады.

- Биыл осындай 80-нен астам қылмыс тіркелген. Оның 33-і қалада, үшеуі Құрманғазы ауданында, біреуі Индер ауданында және Мақат, Махамбет, Жылыой аудандарында екі жағдайдан тіркеліп отыр. Бұл ҚР ҚК-нің 120, 121, 122, 123, 124-баптарымен сараланатын қылмыстар, - дейді Көшқалиева. Былтыр кәмелетке толмағандар жасаған 50-ден астам қылмыс тіркелсе, биыл жыл басынан бұл көрсеткіш көбейген.

Атап айтқанда, 10-нан астам қылмыс ҚР ҚК-нің 120-бабы («Зорлау»), 121-бабы («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша 10-ға жуық, 122-бабы («Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау») бойынша 21 қылмыс және 124-бабы («Жас балаларды азғындық жолға түсіру») бойынша 8-ден астам қылмыс тіркелген.

Бұл қылмыстардың көпшілігі көшеде немесе қоғамдық орында емес, үйде жасалған. Қылмыскерлердің барлығы құрбандарымен туыстық байланыста болған.

Бұдан басқа, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында облыс көлемінде 175-тен астам жайсыз отбасы есепке алынған. Олардың 300-ге жуық кәмелетке толмаған балалары құқығын қорғау мақсатында бақылауда тұр.

- Жайсыз отбасылардың 60 пайызы әйел адамдар екен. Соның ішінде алкогольдік ішімдік ішіп, бала тәрбиесімен айналыспаған, баланың 10-15 жасқа келсе де туу туралы куәлігімен немесе жалпы орта біліммен қамтамасыз етпей жүрген және бір отбасында әр түрлі некеден туған балалары бар әйелдерді ҚР ӘҚБК-нің 127-бабымен («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау») әкімшілік жауапкершілікке тартып, жайсыз отбасы ретінде есепке аламыз, - дейді Көшқалиева.

Айнұр САПАРОВА

24 қыркүйек, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.