Атырау, 21 желтоқсан 14:15
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

Сурет
2 471 просмотра

Будапештте өткен кикбоксинг кубогында атыраулық спортшылар 2 алтын, 1 күміс және 2 қола алқа жеңіп алды.

67 келіге дейінгі салмақта қазіргі Кубок иегері Азамат Өтемісов сөзсіз фаворит болды. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде атыраулық кикбоксшылар Роман Зубарев пен Нұрсұлтан Жұмабаев финалға дейін жетті. Жерлестеріміз шешуші шайқаста рингтен тыс жерде дос екендерін, ал шайқаста ымыраға келу болмайтынын көрсетті. Оның үстіне, осы жұптың жеңімпазы ғана алдағы әлем чемпионатында бақ сынау құқығына ие болды.

Нәтижесінде Зубарев Жұмабаевқа есе жіберді. Жекпе-жектен кейін олар қайтадан достық қатынастарын жалғастырды (суретте).

Ағайынды Жанәлі Сәлімгерей мен Серікжан Сәлімгереев 57 және 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

* * * * *

Талдықорғанда еркін күрестен Әлсейіт Айхановты еске алуға арналған жастар (23 жасқа дейін) чемпионаты өтті. Атыраулық спортшылар мұнда екі қола алқа жеңіп алды.

Олар Жастілек Шамарданов (74 келіге дейін) пен Бекзат Аманғали (97 келіге дейін).

* * * * *

Польшаның Закопане қаласында еркін күрестен Польша Республикасы федерациясы президентінің жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті. Атыраулық қатысушылар мұнда алтын  және күміс алқамен марапатталды.

79 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев жеңімпаз атанды, Талғат Сырбаз 70 келіге дейінгі салмақта күміс алқа алды. Екі спортшы да қазан айының басында Норвегияда өтетін әлем чемпионатына дайындалуда. Олардан басқа Атыраудан Қаһарман Қисметов (72 келіге дейін) пен Мақсат Ережепов (82 келіге дейін) қатысады.

* * * * *

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында самбодан 2005-06 ж. ұлдар арасында Қазақстан біріншілігі өтті. Атырау облысынан қатысушылар 2 алтын, 2 күміс және 1 қола алқа жеңіп алды. 

Айболат Орынғалиев (42 келіге дейін) пен Дәмелі Асылханова (50 келіге дейін) жарыстың жеңімпаздары атанды, Зере Өтепқали (38 келіге дейін) мен Нариман Мұқанға (42 келіге дейін) күміс, Жұмабек Әлиханға қола алқа бұйырды.

* * * * *

Челябинскіде шахматтан 1980 жылдың халықаралық гроссмейстері Александр Панченконы еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Бұл турнир Ресей кубогының кезеңі және оған қатысу өте беделді деп саналады.

Әлем чемпионы, Атырау қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Зарина Нұрғалиева 13 жасқа дейінгі қыздар санатында жеңімпаз атанды. Нәтижесінде Заринаның ФИДЕ рейтингіндегі орны бірден 140 ұпайға көтерілді.

* * * * *

Қызылордада ауыр атлетикадан жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

37 келіге дейінгі салмақта атыраулық, атап айтқанда мақаттық атлетші Ерасыл Қосмұрзиев 42 келіні жұлқи көтеру, 56 келіні серпе көтеру нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Екінші орын алған алматылық зілтемірші дәл осындай нәтиже көрсетті. Бірақ өлшеу кезінде Ерасылға қарағанда жеңіл болып шықты.

24 қыркүйек 2021, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.