Атырау, 11 маусым 13:06
 дождьВ Атырау +28.5
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

Ыстамбұлға ұшып шыққан ұшақ Атырауға шұғыл қонуға мәжбүр болды

2 010 рет қаралды

Air Astana ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға ұшып шыққан.

23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл бағытында KC917 рейсін орындаған Air Astana Boeing 767 ұшағы Нұр-Сұлтан уақытымен 19: 11-де әуежайдан ұшып шықты. Техникалық себептерге байланысты ұшақ командирі Атырауға қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде сағат 22: 20-да қонды. Қазіргі уақытта ұшақ тексеріліп жатыр. Жолаушылар қонақүйге орналастырылады және оларды бүгін жергілікті уақыт бойынша 14: 00 -де (Нұр -Сұлтан уақыты бойынша 15:00 - ред.) Airbus A321 резервтік бортына мінгізеді, деп хабарлады Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.
24 қыркүйек 2021, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.