
11 тамыз күні Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы мен дене шынықтыру және спорт басқармаларына 54 жастағы Мақат ауданының тұрғыны арызданып, өзінің бұрынғы басшысы қызметке бұрын сотталған азаматты жұмысқа қабылдады деп арызданды.
Мақат аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері тексеру кезінде бұл ақпараттың жалған екенін анықтады. Кейін азаматшаның жұмыстан шығарылғаны үшін басшысынан кек алмақшы болғаны белгілі болды.
- Қазір азаматша С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ. - Сот шешімімен 326 704 теңге айыппұл салынды.
Бұл ретте заң бойынша мемлекеттік органдарға жазасын өтеген азамматтар қабылданатынын атап өткен жөн. Бірақ, қылмыстық кодекстің нақты баптары бойынша көптеген шектеулер бар.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА