Атырау, 26 сәуір 23:52
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бесаспап Серікбол

2 048 просмотра

Әлеуметтік желіде шағын бір видео пайда болды: Исатай ауданының малшы ауылының бірінде қойларды кезекпен кезек жерге жыққан жігіт аяғын байлап, әп сәтте қомпиған жүнін сыпыра қырқып шығарып жатыр.

- Бейнеті көп мал шаруашылығында жұмыс жетеді. Көктемде жабағы, күзде күзем жүн қырқылады. Сондайда Серікболдай жігіттерге зәру боласың, ол өз ісінің шебері! - дейді исатайлық шаруалар.

Серікбол Жолдасов Хамит Ерғалиев ауылында тұрады. Жасы 34-те, отбасылы, 3 баласы бар, жұбайы жұмыссыз. Серікбол кезінде Теңіз қалашығында жұмыс жасаған, бірақ қысқарып қалған.

- Сондықтан ауыл маңынан кәсіп іздей бастадым. Әкем Базарбай совхоздың малын өмір бойы баққан. Малшының баласы болғандықтан бұл жұмыстды кішкентайымнан көріп, есейгенде әкеме қолғабыс еттім. Соның пайдасын енді көріп жатырмын, - дейді Серікбол.

Серікболды Хамит Ерғалиев ауылында ғана емес, іздеушілер көп. Ол қой қырқудан бөлек, көлік және үй жөндеу ісімен айналысады. Биыл «Бастау» жобасына қатысып, грантқа ие болды. Оған электронды қырықтық сатып алып, қырдағы малшы қыстақтарында қой жүнін қырқумен айналысуда. Қой басына 600 теңге болса, Серікбол күніне 60 қойға дейін қырқады.

- Науқандық жұмыс біткесін де қарап отырмаймын, көлік жөндеймін, үй әрлеумен айналысамын. Ауылда да іздегенге тірлік бар. Тек ерінбей еңбек ету керек, - дейді ол.

 Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

23 қыркүйек 2021, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.