Атырау, 24 сәуір 13:45
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Депутаттарды жол тәртібі алаңдатуда

3 476 просмотра

Облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар облыс жолдарындағы жағдайларды талқылады.

Жол полициясы бастығының міндетін атқарушы Мұхамеджан ОСПАНОВ баяндама жасады.Оның айтуынша,өткен жылыоблыс аумағында 133 жол-көлік оқиғалары (ЖКО) орын алып, соның салдарынан 73 адам қаза болды, 114 адам жарақат алды. 2009 жылы 142 ЖКО-сы болып, 82 адам өлім құшса, 126-сы жарақат алған еді.  

Сараптама бұл тәртіп бұзушылықтардың көп бөлігі жүргізушілердің еншісінде екендігін көрсетті. Өткен жылы олардың кінәсінен 129 жол-көлік оқиғасы болып, 71 адам көз жұмды және 111-і жарақат алған.

Подполковник Оспановтың қорытынды сөзін депутаттар жүргізушілер дайындайтын мектептердің білім сапасын полиция нашар бақылауға алуда және бұл салада жағдайды ақсатып отыр, деп мәлімдеп, өздерінше баға берді.

М.Оспанов өткен жылы 32 автомектептің 6-уының жабылғандығын, қалған 26 мектептің 13-і облыс орталығында тіркелгендігін мәлімдеді. Алайда, депутаттар жалаң цифрларды қанағат тұтпады. Автомектептердің тренажерлармен, автодромдармен және өздерінің жекеменшік көліктерімен жарақтандырылғанын тексеру керек деген шешімге келді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ М.Оспановқа облыс бойынша автомектептердің техникалық жарақтандырулары бойынша ақпарат беруді тапсырды.

Сессиядан кейін біз кейбір автомектептердің басшыларымен хабарласқан болатынбыз. Олардың пікірінше, әдетте, жол ережесін автомектептердің түлектері емес, керісінше, тәжірибелі деген таксистер мен автобус жүргізушілері жиі бұзады екен. Автомектеп өкілдерінде депутаттардың айтқандарына қатысты күмән жоқ. Бұған қоса, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі заңнамалар оларды тексерулерден қорғайды және олар алаңсыз жұмыс істей алады. Алайда, мәселе ашық күйінде қалмақшы, сонда жолдағы өлім санының көптігіне кімнің кінәлі болғаны?

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 наурыз 2011, 21:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.