Атырау, 26 сәуір 06:17
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Астрахань-Атырау тас жолының "нашарлығы" туралы - ҚР ИИДМ жауабы

Бейнежазба
1 731 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Астрахань-Атырау тас жолының нашарлығы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Еске салсақ, ресейлік «Универ» телехикаясының жұлдызы Станислав Ярушин актер Ренат Мухамбаевпен сұхбатында Атырауға барған сапарын еске түсіріп, Астрахань-Атырау тас жолынан алған әсерлері туралы әңгімелейді.

Оның айтуынша, ол мұндай «сұмдық» жолды ешқашан көрмеген, «шұңқырдың ішінде шұңқыр бар», - дейді актер эмоциямен.

Министрлік былай деп жауап берді:

"Жалпы ұзындығы 277 шақырымдық "Атырау-Астрахань" автожолы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. 8 тоннаға дейінгі салмақты көтеретін III техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жол.

Жолдың техникалық жағдайы ағымдағы және орташа жөндеу есебінен сақталды. Орталық Азия елдерінен келетін ауыр жүк транзиттік көлік құралдарының артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады.

2018-2019 жылдары "Атырау-Астрахань" жолының бүкіл бойында жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

2019 жылы Ресей Федерациясы шекарасынан Ганюшкино кентіне дейін ұзындығы 60 шақырымдық бірінші учаскені қайта жаңарту басталды.

Ұзындығы 217 шақырым болатын қалған учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталды.

2021 жылы ұзындығы 92 шақырымдық учаске пайдалануға беріліп, қалған 185 шақырымындағы жұмыстарды 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр".

23 қыркүйек 2021, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.