Атырау, 26 қараша 05:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көптоғайлықтар Қиғаштан өтетін жаңа өткелге зар болды

1 884 просмотра

Құрманғазы ауданындағы Көптоғай округін аудан орталығымен Қиғаш өзені арқылы паром өткелі байланыстырып тұр. Жүзбелі кеме бірде жұмыс жасап, бірде жасамайды. Ал өткен жылдың аяғында бюджеттің 110 миллион теңгесіне сатып алынған жаңасы әлі іске қосылмай тұр.

- Паром жұмысының тұрақсыздығына байланысты өзеннен қайықпен өтуге тура келеді. Ал жел тұрған күндері қайықпен өту өте қауіпті. Жаңа кеме неге қосылмай тұрғаны түсініксіз. Бір жылдан бері қалқиып бос тұр. Әкімдікке талай рет шағымдандық, құлақ асып жатқан кісі көрінбейді, - дейді жергілікті тұрғындар.

Аудан әкімінің кеңесшісі Наурызбай БИСЕНҒАЛИЕВТІҢ жауабы мынадай болды:

- 2020 жылы Көптоғай ауылы және Балықшы елді мекені үшін «БК-100» маркалы сүйретпелі кеме сатып алынды. Оны Павлодардан жеткізген соң зауыттық ақаулары бар екені анықталып, ол өнім беруші тарапынан күні бүгінде қалпына келтірілді. Қазіргі таңда кеме Көптоғай ауылы округінің теңгеріміне беріліп жатыр. Осы жылдың қазан, қараша айларында іске қосылады.    

Ляззат КАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

28 қыркүйек 2021, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.