Атырау, 26 қараша 07:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Қиғаштан бір «қарт» өтіп жүр

Сурет
3 801 просмотра

Көптоғай ауылы мен Балықшы елді мекенін аудан орталығы Құрманғазымен Қиғаштан өтетін паром жалғап отыр.  Паром түсте бір сағаттық үзілісін алып тастағанда 07.30-21.00 аралығында жұмыс жасайды. Өту ақысы әртүрлі, ауыр жүк көліктері  мен тракторлардың бір өту бағасы маркасына қарай 2000-4000 теңге аралығында болса, жеңіл көліктер 500, мотоцикл 300 теңге.

Жүзбелі паромды тартатын катерге биыл 75 жыл болады, оны енді өзен даңқы мұражайына қойса да болады. Бұл «қарт» өкпесін сүйретіп, әзер жұмыс жасап жүр. Осы жердегі маңызды өткелдің жиі істен шығатынын оны жылдан бері сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер Серік СЫДЫҚОВ та жасырмайды. Оның қызметкері Серік РАМАЗАНОВТЫҢ айтуынша, катерде тесік бар, одан су кіріп кетсе, оны сыртқа төгіп әуреге түседі екен.

- Бұл катер сонша жылдан бері пайдаланып келе жатқандықтан, әбден тозығы жетті. Жиі сынады, жөндеп, дәнекерлейік десек, темірлері шіріп кеткен, тоғыз жерде тесік бар. Екі рет суға батып кете жаздадық. Бірде екі аптадай жөндеуге тұрып қалдық. Адамдар амалсыз қауіпті болса да қайықпен өтті, көліктер жағада қаңтарылып тұрды өте алмай, - дейді С.Сыдықов.

2020 жылы бюджет қаржысына 110 млн теңгеге Павлодардан «БК-100» катерін алып келгенімен  әлі іске қосылмай тұр. Сыдықовтың айтуынша, бұл катер желді күндерге шыдамсыз, мұзды оюға әлсіз, оның үстіне моторында ақау бар. Ал Құрманғазы ауданы әкімі Марат МУРЗИЕВТІҢ  айтуынша, зауыттан шыққанда ақауы болған, қазір соны ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңа «БК-100» катері

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 мамыр 2021, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.