Атырау, 20 сәуір 12:25
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сәбиімен мас күйде жүрген

1 698 просмотра
Фото: polisia.kz 

6 айлық баласымен мас күйде жүрген атыраулық әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына қала тұрғыны қоңырау шалып, Азаттық көшесінде колында кішкентай баласы бар белгісіз әйелдің мас күйінде жүргендігі жөнінде хабарлама берген.

Хабарлама бойынша дереу жеткен полицейлер әйелді ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысымен оның орта дәрежедегі мас күйде екендігін анықтады.

Белгілі болғандай, 37 жастағы келіншектің қолында алты айлық сәбиі болған. Аталған әйел өзінің үш күн бойы ішімдік ішкендігін айтып, өз кінәсін мойындаған.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімімен («Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы») әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Бұдан басқа, әйел Атырау қаласы Полиция басқармасының  «Жайсыз отбасы» есебіне алынып, оған қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қаласы әкімияты жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолдау үшін жинақталуда.

22 қыркүйек 2021, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.