Атырау, 26 сәуір 16:07
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Әрбір аңшы білуі тиіс

1 488 просмотра

17 қыркүйекте ӨКҚ-де күзгі аңшылық маусымының басталуына арналған онлайн-брифинг өтті. 

Ол 4 қыркүйекте басталды және 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Ережеге сәйкес, 18 жасқа толған, аңшылық қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсаты бар және облыстың барлық аң аулайтын алқабында жануарлар дүниесін пайдалануға жолдамасы бар адамдарға спорттық-әуесқойлықпен аң аулауға рұқсат етіледі. Жолдаманы облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы береді. 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім бастығы Нұрлан ИМАНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, өңірімізде 6 аңшылық алқап бар - Жылыой, Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Исатай және Махамбет аудандарында. Флора мен фаунаны қорғау үшін облыс аумағында көлікпен және барлық қажетті құралдармен жабдықталған 11 қорықшы кезекшілік етеді. 

Бізде аулауға болатын аңдардың негізгі түрі - қабан, түлкі, жанат тәрізді ит, қоян және суда жүзетін құстар - үйрек, қаз, қасқалдақ, шіл және балшықшы құс.

- Спорттық аң аулау барысында аяқтаған кезде және үзілісте, сондай-ақ бір орыннан екінші орынға ауысқан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет: мылтықтың оғы алынған, яғни, патрондар болмауы керек, - дейді Н.Иманғалиев. – Авиа-, авто-, мототранспорт құралдары, қарға жүретін техникалар, лазерлік нысана дәлдегіштер мен түнгі көру аспаптарын қолдануға тыйым салынады. Өнім жинау аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары өскен жерлерде аң аулауға тыйым салынады. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабымен реттеледі, онда жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ, Н.Иманғалиев биыл реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып тастау бойынша қызметтер лимиті толық игерілгенін айтты. Инспекция барлығы 1798 қасқыр мен 1481 шибөрі атуға 908 рұқсат берді. 

Айнұр САПАРОВА

20 қыркүйек 2021, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.