Атырау, 26 сәуір 09:06
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мал жолға шықпас үшін таспалы қоршау қолданылады

1 628 просмотра

Ақтөбе - Атырау - Астрахань тас жолының 574-шақырымында Қарабатан зауытының маңында малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін ұзындығы 1 км болатын таспалы қоршау орнатылды. Олар ток көзіне қосылған.

Атырау облысы Полиция департаменті түсіндіргендей, тоқ күші үй жануарларының өміріне қауіп төндірмейді және қоршау оларды жолға шығудан үркіту үшін қойылған.

Мұндай таспалар елді мекендерге жақын республикалық және облыстық маңызы бар басқа да қала сыртындағы жолдарға орнатылады. Себебі, жол бойында көліктер жолдан өтіп бара жатқан түйе-сиырлармен соқтығысады, мұндай апат салдарынан адамдар өліп не мүгедек болып қалады.

Айнұр САПАРОВА

20 қыркүйек 2021, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.