Атырау, 23 желтоқсан 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында бір тәулікте 75 адам Covid-19 жұқтырған

1 595 рет қаралды

Атырау облысында бір тәулікте 75 адам  Covid-19 жұқтырған, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 75 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 52 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 2 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында  - 1, Құрманғазы ауданында - 2, Махамбет ауданында - 3 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 37 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 38 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 251 адам емделді.

Қазір 1 534 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 115, екінші облыстық ауруханада – 98 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 39, аудандық инфекциялық стационарларда - 95, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 86 науқас ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

20 қыркүйек 2021, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.