Атырау, 16 ақпан 15:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Ресейде AstraZeneca вакцинасы шығарыла бастады

1 744 рет қаралды

Ресейдің фармацевтикалық "Р-Фарм" компаниясы экспорт жасау мақсатында Оксфорд университеті мен AstraZeneca лицензиясы бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды бастады. Бұл туралы журналистерге Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігі басшысының бірінші орынбасары Василий Осьмаков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ресейде шетелдік вакциналар қазірдің өзінде шығарыла бастады, "Р-Фарм" компаниясында AstraZeneca экспорт келісімшарттары бойынша шығарылады", - деді Осьмаков.

"Ішкі нарыққа келетін болсақ, өз өнімімізбен толық қамтылғанбыз. Бәрі мүмкін, әсіресе болашақта. Бірақ қазір сұраныстың артуына байланысты өзіміздің өндірістік қондырғылармен жұмыс жасаймыз, өз өндірісімізді қолдаймыз", - деп қосты ол

"Р-Фарм" бас директоры Василий Игнатьев мамырда РИА Новостиге берген сұхбатында компания Оксфорд университеті мен AstraZeneca лицензиясы бойынша маусымда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші партиясын шығаруды жоспарлап отырғанын айтқан.

17 қыркүйек 2021, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.