Атырау, 10 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Спорт жаңалықтары

2 269 просмотра

Атыраулық спортшы Бейбарыс Жаңбыр 84 келіге дейінгі салмақта каратеден ТМД Жастар ойындарының жеңімпазы атанды.

Жалпы, каратеден Қазақстан ұлттық құрамасы бұл турнирде 6 алтын, 2 күміс және 3 қола алқа жеңіп алды.

* * * * *

Ақтауда бокстан Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Атырау облысының құрама командасы мұнда 1 алтын, 1 күміс және 2 қола алқа алды.

Мұхамеджан Еркін аса ауыр салмақта алтын, Нұрқанат Райыс (74 келіге дейін) күміс, Олжас Байниязов (51 келіге дейін) және Абылайхан Бітімов (71 келіге дейін) қола алқа иеленді.

* * * * *

Румынияның Констанца қаласында қазақ күресінен әлем кубогы өтті. 74 келіге дейінгі салмақта атыраулық Наурызбек Майлашев турнир жеңімпазы атанды.

Алдын ала өткен раундта екі жеңіске жеткен ол жартылай финалда ҚР құрама командасындағы серіктесімен шығып, шешуші шайқаста Румыния өкілінен басым түсті.

* * * * *

Щучинск қаласында 2009-10 жылғы бозбалалар арасында баскетболдан Қазақстанның күзгі чемпионаты өтті.

Баскетбол академиясының «Атырау барыстары» командасы Алматы мен Түркістан облыстарына жол беріп, үшінші орынға табан тіреді.

* * * * *

Абу-Дабиде джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 19 елден 500 спортшы қатысты.

Атыраулық спортшы Жеңіс Нұрлыбаев 56 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Бұл оның Азия чемпионатында осымен үшінші рет алып отырған алтын алқасы. 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлішер Ақжігітов күміс алқа жеңіп алды. Бұл халықаралық аренадағы дебют үшін жақсы жетістік!

* * * * *

Стамбулда таэквондодан халықаралық «WT President’s Cup Europe» рейтингтік турнирі өтті.

Мұнда 73 келіге дейінгі салмақта Атырау облысының намысын қорғап жүрген Жансель Дениз алтын алқа жеңіп алды.

17 қыркүйек 2021, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.