Атырау, 25 қараша 02:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

БАӘ әуежайларында коронавирус жұқтырғандар ит көмегімен іздестіріледі

1 659 просмотра
©REUTERS

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) әуежайларында коронавирус жұқтырғандар ит көмегімен іздестіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта БАӘ әуежайларында 38 иісшіл ит жұмыс істейді, олар инфекция жұқтырғандарды 98 пайыз анықтай алады.

©REUTERS

Дубай полициясы COVID-19 жұқтырғаны расталған адамдардан алынған тер тамшыларын қолдана отырып, науқастарды иісі арқылы тануды неміс овчаркасы, лабрадор, кокер-спаниель және бордер-колли сияқты тұқымды иттерге үйреткен.

©REUTERS

Ғалымдардың айтуынша, бұл әдістің дәлдігі 98 пайыздан асады. Дубайда жүргізілген зерттеуде иттердің анықтау қабілетін салыстыру үшін 3 290 адамның тер үлгілері мен ПТР-сынамасы қолданылған. Жаттығу бөлмесінде он ПТР-сынама нәтижесі қойылған. Иттер оларды иіскеп, тапқанын білдіру үшін жанына отырады.

©REUTERS

Дубай полициясының лейтенанты Насер әл-Фаласи иттер қазір күн сайын шамамен 30-40 тексеру жүргізетінін мәлімдеді. Ол иттерді тек әуежайларда ғана емес, қажет жерде қолдануға болатынын айтты.

17 қыркүйек 2021, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.