Атырау, 8 мамыр 23:01
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Құрылыс былтырғы дағдарыстан кейін жандануда

1 798 просмотра

Атырау облысы статистика департаментінің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-тамызында тұрғын үй құрылысына 73,3 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе көп. Мұның себебі айқын, өйткені өткен жылдың наурызында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін іс жүзінде құрылыс тоқтап қалды. Ал енді карантин жеңілдегеннен кейін құрылыс азды-көпті қалыпты режимге оралуда.

Жоғарыда көрсетілген кезеңде меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен тұрғындар 571,6 мың шаршы метр тұрғын үй салған, бұл көрсеткіш бойынша анағұрлым көп үлес Атыраудың (78,1%) еншісінде. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі баспана құрылысының құны 1 шаршы метрге 129,5 мың теңгені, жеке тұрғын үй құрылысының құны 61,5 мың теңгені құрады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

17 қыркүйек 2021, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.