Атырау, 11 наурыз 06:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Атырауда дәрігерлер COVID-19-дың ауыр түрімен ауырған егде жастағы әйелді емдеп шығарды

2 416 рет қаралды

Атыраудағы модульді ауруханаға коронавирустың ауыр түрімен түскен 60 жастағы Исатай ауданының тұрғыны Фария БАТЫРБАЕВА 2 ай бойына ем қабылдап, емделіп шыққан, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Науқастың жансақтау бөліміне түскен кездегі жағдайы өте ауыр, сатурациясы төмен еді. Кезекші инфекционист және реаниматолог мамандарының бақылауында болып, науқастың хал-жағдайы ескеріліп, оған тиісті ем-шаралар тағайындалды. Бір ай жансақтау бөлімінде ем қабылдағаннан кейін, жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды, - деді реаниматолог Дархан ЖАҚСЫЛЫҚ.

Ал 15 қыркүйекте Фария Батырбаева ауруханадан шығарылды. Енді оның денсаулығын учаскелік дәрігер бақылайды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет әлеуметтік желіден алынды

17 қыркүйек 2021, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.