Атырау, 10 қазан 05:18
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

​Атырау облысында бір тәулікте 98 адам Covid-19 жұқтырған

1 859 просмотра

Атырау облысында бір тәулікте 98 адам  Covid-19 жұқтырған, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 98 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 69 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 6 жағдай, Индер ауданында - 2, Исатай ауданында - 3 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында  - 7, Құрманғазы ауданында - 5, Мақат ауданында- 2, Махамбет ауданында - 1 адам тіркелді. 

Коронавирус инфекциясы бар 49 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 49 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 458 адам емделді.

Қазір 2 500 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 137, екінші облыстық ауруханада – 126 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 64, аудандық инфекциялық стационарларда - 104, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 87 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

17 қыркүйек 2021, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.