Атырау, 26 сәуір 15:43
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

2 051 просмотра

Атырау облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ержан ЖҰМАНОВТЫҢ айтуынша (суретте), шақыру ережесінде ештеңе өзгермеген. Қызмет мерзімі 12 ай, ал одан жалтарғаны үшін ҚР ҚК-нің 387-бабы бойынша 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұлдан бастап бір жылға бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген. 

Осы күзде 647 атыраулықты, оның 105-ін ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, 260-ын Ұлттық ұланға шақыру жоспарлануда. Әскерге шақырылушылар контингентінің «сапасын» жақсарту үшін әскерге шақырылушылар саны 800-ге дейін жеткізіледі, яғни 20% резервте болады. 

10 шілдеден 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде әскерге шақырылушыларға сырттай тексеру жүргізіледі. Бұл шақыру науқанының бірінші кезеңі болып саналады. Бұл кезеңде жергілікті әскери басқарма органдары әскери бөлімдердің лауазымды тұлғаларымен және қызметкерлерімен бірге болашақ әскери міндеттілердің денсаулығын, отбасылық жағдайын, білімін, соттылығы бар-жоғын тексереді. 

Мұнымен қатар тамыз айында әскерге шақырылушының соттылығы бар-жоғын және оның созылмалы аурулармен есепте тұрмағанын анықтау үшін полицияға, ауруханаларға сұраныс жіберіледі. 

Ал 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жалғасатын екінші кезеңде, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиналу пунктінде шақырылушылар ПТР-сынама тапсырып, психологпен әңгімелесуден, бақылау-медициналық куәландырудан өтеді. Осыдан кейін шақыру комиссиясы «жарамды» немесе «жарамсыз» деген шешім қабылдайды. Әскери комиссариат қызметкерлерінің айтуынша, пандемия өршіп тұрған кезде кейбір ата-ана балаларын әскерге жіберуге қорқатын, бірақ қазір мұндай проблема жоқ. 

Атыраудан күзгі әскерге шақыртылғандардың алғашқы партиясы 8 қыркүйекте шекара қызметіне аттанды. 

Айнұр САПАРОВА

15 қыркүйек 2021, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.