Атырау, 24 қараша 15:25
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қапырық сыныптағы сабақ

Сурет
2 545 просмотра

Құлсары қаласындағы Е. Халықов атындағы №7 орта мектебінде толыққанды білім алуға жағдай жоқ. Оқушылардың ата-аналары осылай деп санайды. Әсіресе оларды ауа айналысы тар ғимарат алаңдатып отыр.

Ғимарат 2003 жылы бюджет қаржысының 1 млрдтан астам теңгесіне салынған. Ғимаратта терезелер төбеде орналасса, желдеткіштер пайдалануға берілген жылдан бері жұмыс жасамайтын көрінеді. Сыныптарда ауа жетіспеушілігінен кейбір оқушылардың басы айналу оқиғалары орын алып тұрады.

- Балаларымызға жанымыз ашиды. Желдеткіштердің бірде-бірі істемейді, сынып іші қапырырық, ауа жоқ дейді балаларымыз.  Берекеті қашқан баладан қандай білім күтеді? Бұл проблеманы шұғыл шешу керек! - дейді ата-аналар.

Ата-аналардың сөзін мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлфайруз СЕНҒАЛИЕВА жоққа шығармады. Кабинеттерде ауа айналысы қиындап кеткен көрінеді. Тіпті кейбір мұғалімдер үйлерінен желдеткіш әкеліп пайдалануда. 1200 орынға есептелген мектепте бүгінде бар болғаны 700 бала білім алуда. Себебі, ата-аналар мүмкіндігінше балаларын басқа мектепке ауыстыруда.

- Мектепте 50 кабинет болса, соның 10-ында ғана дұрыс терезе бар. Қалған 40 кабинетте терезе шатырда. Менің ақпаратым бойынша, желдеткіштерді ауыстырып, іске қосу үшін құжаттама әзірленіп, оған бюджет қаржысынан 8 млн 700 мың теңге бөлінген. Тендер өткізілетін болады, - дейді Г.Сенғалиева.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

14 қыркүйек 2021, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.