Атырау, 18 сәуір 22:32
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Облыстық аурухана пациенттерді қайтадан жоспарлы емдеуге көшті

Сурет Бейнежазба
2 557 просмотра

Атырау облыстық ауруханасында жұқпалы аурулар бөлімі жабылып жатыр. Бүгін, 14 қыркүйекте соңғы төрт пациент шығарылды.

26 шілдеде облыстық аурухана жанынан жұқпалы аурулар бөлімі ашылды. Содан бері 446 науқас емделді. 316 адам жағдайы жақсарған соң үйлеріне шығарылды, 120 адам қайтыс болды.

- Бізге түрлі ауруханадан - фтизиопульмонологиядан (Сарыөзектегі), кардиология орталығынан, теміржол ауруханасынан ауыр науқастар қабылдадық. Негізінен өте ауыр, жасы келген,ілеспе аурулары бар науқастардың өміріне арашалап қалу мүмкін болмады, атап айтқанда жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі мен қант диабеті барларды, - дейді жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Қуат ЕСЕКЕНОВ. Оның айтуынша, ауру жұқтырғандардың 99% вакцина алмаған.

Жұқпалы аурулар блогы урология, нефрология, гинекология, оториноларингология, хирургия, терапия және эндогематология бөлімдерінің аумағын алды.

- Биыл стационарды жаппадық, ескі ғимарат пен реанимация бөлімін өзімізге қалдырдық, инсульт орталығы, нейрохирургия, травматология жұмыс істеді. Ол кезде біз тек жоспарлы мделушілерден бас тарттық. Бірақ 2 қыркүйекте пациенттерді жоспарлы түрде емдеуге қайта кірістік, - дейді облыстық аурухана директоры Ербол ИМАНҒАЛИЕВ.

Қазіргі уақытта қызметкерлер жұқпалы аурулар блогын мұқият зарарсыздандырып жатыр, ертең бұрынғы бөлімдер қайтадан жұмысын бастайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

14 қыркүйек 2021, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.