Атырау, 21 желтоқсан 14:09
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Жемқорлық Қазақстан спортын құрдымға кетіреді»

Сурет
2 096 просмотра

Пауэрлифтингтен 30 жастағы әлем және Азия чемпионы Дмитрий ЛИ Атырауда тұрады, бірақ республикалық және халықаралық турнирлерде Шымкенттің намысын қорғайды. «AЖ» оған осы және басқа да мәселе бойынша бірнеше сұрақ қойған еді.

- Сіз спорттың бұл түріне қалай келдіңіз?

- 8-сыныптан бастап қазақша күреспен айналыса бастадым, сәл кейінірек зілтемірді жатып көтеруге басымдық беріп, пауэрлифтингке қызығушылық таныта бастадым. Бапкерім - көп жылдық тәжірибесі бар тәлімгер, әлем чемпионы Александр Литвинов. Ол мені әлі де жаттықтырады. Көбінесе оның арқасында жарыстарда жетістікке жете бастадым. Юниорлар арасында ҚР абсолютті чемпионы болдым, 2012 жылы алғаш рет Азия чемпионатын жеңіп алдым, Литвада өткен әлем чемпионатында күміс алдым, содан кейін екі рет Азия чемпионы болдым, басқа да атақтарым бар. Ал қазір қазан айында Швеция мен Литвада өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Жеке фитнес залдардың бірінде аптасына үш рет жаттығамын.

- Зілтемірді жатып көтеру бойынша рекордыңыз қандай?

- Менің ҚР-ғы ресми рекордым - жабдықсыз 255 келі және жабдықпен 301 келі. Деңгейді тағы көтеруге тырысамын, тек жарақаттарымның кедергі келтіретіні өкінішті. Мысалы, 2012 жылы иығымнан жарақат алдым, содан кейін кеудемде көк етім бірнеше рет жыртылды. Бірақ бұл спорттың осындай түрі - мүмкін емес нәрсеге қол жеткізу керек.


- Неліктен сіз өзіңіз тұрып жатқан Атырау үшін емес, Шымкенттің атынан шығып жүрсіз?

- Өйткені мені онда толықтай қаржылық балансына алды. Дәруменмен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, Қазақстанның  басқа қалалары мен басқа елдерге жарыстарға бару - мұның бәрі қыруар қаражатты қажет етеді. Өкінішке орай, жергілікті спорт басқармасында ондай қаражат табылмады. Ал Шымкенттен табылды. Енді халықаралық аренада Қазақстан мен Шымкенттің намысын қорғаймын. Көріп отырғаныңыздай, нәтиже жаман емес.

- Сіз Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жүгіндіңіз бе?

- Кезінді жүгіндім, бірақ қолдау таппадым. Қазіргі басқарма басшысы да мен туралы біледі, бірақ одан не пайда?

- Егер қазір Атыраудан қаржылық қолдау тапсаңыз, алдағы уақытта біздің өңірдің атынан шығуға келісер ме едіңіз?

- Енді шықпайтын шығармын. Қазақстандық спортты шенеуніктер арасындағы жемқорлық құрдымға батырады деп айтуға тиіспін. Бұл мәселе біздің еліміздің барлық өңірі үшін өзекті.

Фархат АБИЛОВ 

Дмитрий Лидің мұрағатынан алынған суреттер

14 қыркүйек 2021, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.