Атырау, 25 сәуір 13:29
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда оқ-дәрілерді сақтау қоймасы қаладан тыс жерге көшіріледі

1 974 просмотра
Көрнекі сурет

26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс салдарынан адамдар құрбан болды. Осыған байланысты «АЖ» ҚР Қорғаныс министрлігіне Атырау облысында әскери қоймалардағы оқ-дәрілерді сақтау шарты бойынша сауалдарды жолдаған болатын.

- Атырау облысында оқ-дәрілер сақтайтын қоймалар бар ма?

- Қазіргі уақытта Атырау облысында жауынгерлік даярлық оқу-жаттығу сабақтарына арналған оқ-дәрілер сақтайтын қойма бар.Оның орналасқан жері туралы ақпаратты белгілі себептермен бере алмаймыз. Қосымша айтарымыз, қазір министрлік Қазақстандағы, оның ішінде Атыраудағы әскери қоймаларды елді мекеннен тыс жерге орналастыруды жоспарлап отыр. Жаңа ғимараттар оқ-дәрілерді таратып орналастыруды, қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етеді. 

- ТЖ болдырмау үшін қандай қауіпсіздік шаралары алынып жатыр?

- Қоймалардың өрт кауіпсіздігі қолданыстағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес  ұйымдастырылады. Өрт шыққаны туралы хабарлама алғаннан кейін бөлім бойынша кезекші өрт дабылын жариялайды, дереу өрт сөндіру нарядының жеке құрамын және тәуліктік нарядтың жеке құрамын көтереді, ТЖД аумақтық өрт сөндіру бөлімшелерін және күштік құрылымдарды шақырады. Штаттық өрт командасы уәкілетті орган келгенге дейін шынжыр табанды өрт сөндіру техникасы арқылы өртті сөндіруге кіріседі. Басшылық құжаттарға сәйкес ТЖД-ның бірінші өрт сөндіру бөлімшесі өрт орнына келгеннен кейін өрт сөндіру басшылығы ҚР ТЖМ-ге жүктеледі.

Айта кету керек, оқ-дәрілерді сақтау қоймасының аумағында өрт сөндіру бойынша бірлескен тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтар ұдайы өткізіліп тұрады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

15 қыркүйек 2021, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.