Атырау, 19 сәуір 05:48
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жыл ішінде «Сергек» Атырауда жарты миллиард айыппұл жинады

Сурет
1 449 просмотра

Бір жыл бұрын Атырауда «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің ақылды жүйесі іске қосылды. 2020 жылдың 10 қыркүйегінен бастап оның көмегімен жергілікті жүргізушілерге жол жүру ережесін бұзғаны үшін жалпы сомасы 500 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Толық ақпарат - «АЖ» материалында.

Бүгінде полицейлер төленбеген айыппұлы көп тағы бір жол жүру ережесін бұзушыны ұстады деген ақпаратпен ешкімді таңғалдырмайсыз. Мысалы, жақында Атырауда 12 миллион теңге айыппұлы төленбеген жүргізуші әйел ұсталды. Ал Атырауда «Сергектің» іске қосылатыны туралы ақпарат 2019 жылы пайда болды. Жүйе әзірлеушімен эксклюзивті сұхбат «AЖ»-да желтоқсанда жарияланды.

 

ОЛАРДЫҢ САНЫ ҮШ МЫҢДАЙ

Бүгінде Атырауда 2748 камера жұмыс істейді, оның 1224-і жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін тіркейді, ал қалғандары полицейлерге қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді. Полицейлердің айтуынша, барлық камера дұрыс жұмыс істейді, техникалық ақауы жоқ. Бүкіл ақпарат кез келген құқық бұзушылыққа әрекет етуге және патрульдерге белгі беруге әзір арнайы операторлар басқаратын Жедел басқару орталығына (ОБО) түседі. 

ЖАЗАЛАНБАЙТЫН ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР БОЛАДЫ

- Жасанды интеллект, нейрондық желілер, жіктеу алгоритмдері мен кері перспективалық түрлену көмегімен «Сергек» көлік болған кеңістіктегі нүктелерді анықтайды. Көліктің қозғалыс траекториясы учаскедегі жол қозғалысы ережелерімен тексеріледі - жылдамдық асып кетті ме, таңбалар бұзылды ма және т.б., - деп хабарлайды «Көркем Телеком» ЖШС «AЖ» тілшісіне.

Бұл алгоритмдердің барлығын қазақстандық әзірлеушілер жазады. Ақпаратты сақтауға және мәліметтерді өңдеуге арналған серверлер еліміздің аумағында орналасқан және барлық ақпараттық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес сенімді қорғалған.

Камералар автоматты түрде жазып алғаннан кейін жол қозғалысы ережесін бұзу картасы прокуратураға сақтауға және өңдеуге беріледі, содан кейін уәкілетті полиция қызметкері ақпаратты тексереді және электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, құқық бұзушыға айыппұл төлеу туралы хаттама мен ұйғарымды жолдайды немесе өтімсіз деп қабылдамайды. «Өтімсіз» - бұл тиесілі емес жол белгісі, кедергіні айналып өту (жазатайым оқиға, жедел жәрдем көлігін жіберу және т.б.), дәлел базасы жеткіліксіз тіркелген бұзушылықтар.

ЖҮЙЕ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЯ МА?

«Сергек» жүйесіне әрбір кіру логталады. Полиция қызметкерлері кез келген әрекетті тек өз ЭСҚ көмегімен жасай алады, сондықтан айыппұлды «достықпен» алып тастау мүмкін емес. Бұдан басқа, әрбір ереже бұзушылық автоматты түрде Бас прокуратураның ӘІЖБТ-не (әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі) түседі. Кейбір жүргізушілерде: «егер жол қозғалысы ережесін бұзбадым деп ойласақ, бірақ айыппұл келсе, не істеу керек?» деген сұрақтар әлі де бар.

Мысалы, егер жедел жәрдем көлігін жіберсеңіз немесе жолда белгілер болмаса? Мұндай айыппұлдарды даулауға болады және даулау қажет.

Атырау облысының әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан МӘЖИТОВТЫҢ айтуынша, Атырауда «Сергек» бейнебақылау камералары қосылғалы 61 мыңға жуық ереже бұзушылық тіркелді, ал айыппұл көлемі 550 миллион теңгедей. Оның ішінде санкциямен келіспей, 492 өтініш берілді. Тексеру нәтижесі бойынша 477 хаттама жойылды. Айта кету керек, құқықбұзушы сенімді болу үшін әкімшілік полиция басқармасына келіп, бейнежазбаны көре алады.

Бұдан басқа, «Сергектің» көмегімен былтыр Полиция департаментінің 244 көлігіне айыппұл салынды. Полиция шақыртуға асыққандықтан, 21 ереже бұзушылық жойылды, ал қалғанында тәртіп сақшыларына төлеуге тура келді. «Жедел жәрдем» көліктері бойынша 10 018 бұзушылық тіркелді, оның ішінде 6469-ы түсінікті себептермен жойылды.

«Сергек» ерлер түзеу колониясын (УГ 157/9) да «қадағалайды» - бір жыл ішінде құқық қорғау органдары «аймақ» қоршауынан тыйым салынған түрлі заттар лақтырған он шақты адамды ұстады.

Фархат АБИЛОВ

Суреттерді ұсынған «Көркем-Телеком» ЖШС баспасөз қызметі

14 қыркүйек 2021, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.